«Әлеуметтік әмиян» сервисі аясында дәрілерді қағаз рецептісіз алу
eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» бөлімі азаматтарға дәрігер тағайындаған жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекті қағаз рецепт талап етілместен, жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді. Клиника пациенттерін бұл цифрлық қызметті пайдалануға шақырады.
Қалай пайдалану керек
- Қосымшаны орнату. App Store немесе Play Market дүкенінен eGov Mobile қосымшасын жүктеп алып, ЭЦҚ немесе eGov тіркелгісі арқылы кіріңіз.
- QR-кодты табу. Қосымшаның басты мәзірінен «Әлеуметтік әмиян» бөлімін, одан кейін «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» қосымша бөлімін ашыңыз — дәрігер жазған рецепт осында QR-код түрінде көрінеді.
- Дәріхнадан алу. Тіркелген емхана жанындағы дәріханаға барып, фармацевтке QR-кодты көрсетіңіз. Қызметкер кодты сканерлеп, қажетті препаратты береді.
Сервис Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде дәрі-дәрмек алу үшін қолданылады. Дәрі алғаннан кейін қосымшада қызмет көрсету сапасына баға беруге болады.
Неге ыңғайлы
Бұрын пациенттер рецептті қағаз түрінде сақтап, дәріханаға өздері апаруы қажет болатын. Жаңа сервис бұл процесті цифрландырып, рецепттің жоғалуы немесе бүлінуі сияқты қолайсыздықтарды болдырмайды әрі дәрі алу уақытын айтарлықтай қысқартады. Клиникамыздың дәрігерлері барлық жаңа рецепттерді жүйеге электронды түрде енгізеді, сондықтан пациент дәріхнаға барар алдында қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.
Сұрақтарыңыз болса, регистратура немесе бас дәрігер қабылдауы арқылы қосымша ақпарат ала аласыз.