Ерте скрининг науқаны қайта басталды

Клиника тіркелген халық арасында созылмалы аурулардың ерте кезеңде анықталуына бағытталған скрининг науқанын қайта бастады. Тексерулер жалпы практика дәрігерлерінің учаскелері бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі.

Скрининг қандай жастағы топтарды қамтиды

  • Жүрек-қантамыр аурулары қаупін бағалау — 18 жастан асқандарға
  • Қатерлі ісіктерге қарсы скрининг — жас ерекшелігіне сай тізім бойынша
  • Балалар мен жасөспірімдердің дене және психологиялық дамуын бағалау
  • Көру мен есту қабілетін тексеру

Скринингке шақыру SMS-хабарлама немесе телефон қоңырауы арқылы жіберіледі. Тексеруден өту үшін жеке басты куәландыратын құжатпен келу жеткілікті.

Скрининг нәтижесінде тәуекел анықталған жағдайда пациент тиісті маман консультациясына жолданады. Скрининг туралы толық ақпаратты пациенттерге арналған бөлімнен таба аласыз.